Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 854 километр қашықтықта 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Астана уақыты бойынша сағат 15:12 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, 200 километрге дейінгі тереңдікте болған деп хабарланды.
Жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеген.