Accessibility links

Украинаны коррупциямен күресті күшейтуге шақырды


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер.

Германия мен Франция сыртқы істер министрлері Украинаны коррупциямен күресте алға ілгерілейтін шаралар жасауға шақырды.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер мен Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымында жарияланған мақаласында реформаларға елдегі "барлық саяси және экономикалық күштердің қатысқаны маңызды" екенін айтты. Штайнмайер мен Эро 22 ақпанда Киевке ресми сапармен барады.

Министрлер сапарында Украина билігі өкілдерімен кездесіп, Украина шығысындағы бітімді талқылайды.

Министрлер мақаласында украин билігінің ресейшіл экс-президент Виктор Януковичті биліктен кетірген "Майдан ұстанымдарына адал болып қалуға" шақырған. Олар бұған қоса Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы Минск келісімін орындаудың маңызды екенін де айтқан.

Минск келісімі нәтижесінде Донбастағы ауқымды соғыстар тоқтағанымен, ара-тұра атыс болып тұрады.

БҰҰ мәліметі бойынша, Украина шығысында екі жылға созылған қақтығыстан 9 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG