АҚШ қорғаныс министрлігі Гуантанамодағы әскери түрмені жабатындарын мәлімдеді.
Түрмедегі тұтқындардың 35-і басқа елдердің биліктеріне табыс етілмек, 60 шақтысы АҚШ аумағындағы басқа түрмелерге жіберіледі. Пентагон өкілінің сөзінше, бұл жобаның шығыны 290-475 миллион доллар шамасында болады.
АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамодағы әскери түрмені сақтап қалу елдің ұлттық мүддесіне кесірін тигізетінін айтты.
АҚШ-тың Кубадағы Гуантанамо әскери базасында терроризм айыбымен сотталған адамдар жазасын өтеп жатыр.