Павлодар облыстық сотының апелляциялық алқасы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтан "аса ірі көлемде ақша бопсалау" ісі бойынша сот үкімін өзгертпеді. Аймақтық "Версия" газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин айыпталғандардың бірі деп танылған сот үкімі күшіне енді.
Өткен жылы қазан айының соңында шыққан сот үкімі бойынша Голышкин сегіз жылға сотталған. Онымен бірге тағы үш адам - Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралинов - 10 жылға, Фархат Алиясов - 3 жыл 6 айға сотталып, ал Нұржан Сүлейменовке қатысты 7 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Ярослав Голышкин 2015 жылы мамырдың 14-і күні "әкім Бозымбаевтың баласына қатысты әлдебір айыптаулар жазылған видео үшін 500 мың доллар ақша бопсалау" ісі бойынша қамауға алынған. Бұл оқиға басталған кезде Голышкиннің жақтастары «ол облыс әкімі баласының қатысы бар журналистік зерттеу жүргізді» деп мәлімдеген. Облыс әкімінің баласы куәгер ретінде тергелген әу бастағы оқиға – зорлау ісі тараптардың бітімімен жабылған.