Accessibility links

Ошта "Хизб ут-Тахрирға" қатысты күдікті әйелдер ұсталды


Экстремистік "Хизб ут-Тахрир" ұйымының діни кітаптары (Көрнекі сурет).
Экстремистік "Хизб ут-Тахрир" ұйымының діни кітаптары (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда Ош облысының Қара-Суу қаласында "Хизб ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының тек әйелдерден құралған шағын тобы анықталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, милиция қызметкерлері үйлердің бірін тінту кезінде 15 шақты әйелді тауып, олардан діни мазмұндағы әдебиеттер тәркілеген. Табылған әдебиеттер теологиялық сараптамаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, әдебиеттер экстремистік мазмұнда.

Милиция әйелдер үйге ислам діні негіздерін үйренуге жиналғанын айтты дейді. Милиция әйелдердің экстремистік ұйымға қаншалықты қатысы бары сараптама мен жедел тергеу қорытындысында анықталатынын айтады.

Бұл факт бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG