Accessibility links

Apple IPhone-ды бұғаттан шығаруға шағымданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Apple компаниясы АҚШ федералдық сотының өткен жылы Сан-Бернадино қаласында болған шабуылға қатысқандардың бірінің IPhone ұялы телефонын бұғаттан шығару туралы шешіміне шағым түсірді. Бұл шағым - америкалық компьютер саласының алыбы мен АҚШ билігі арасындағы жеке өмір, жеке бас мәліметтерін шифрлау және компанияның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттемесі мәселелеріне қатысты бір-біріне қарсы тұрудың жаңа кезеңі саналады.

Өткен аптада федералдық сот Apple-ді Федералдық тергеу бюросына (немесе FBI) Сан-Бернардино қаласындағы шабуылға қатысқандардың бірінің IPhone-нын бұғаттан шығаруға көмектесуді бұйырған. Компания бұғаттан шығарудан бас тартып, бұғатты ашу АҚШ-та ғана емес, әлемдегі барлық авторитарлық елдерде қауіпті оқиғаға айналуы мүмкін екенін мәлімдеген. Конгресте сөйлеген FBI директоры Джеймс Коми бұл дау "қандай ел болғымыз келеді және оны қалай басқарғымыз келеді" деген негізгі мәселелерге қатысты екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG