Accessibility links

Алматыдан 103 километрде жер сілкінді


Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 103 километр қашықтықта қуаты 4,6 магнитуданы құрайтын жер сілкінді.

Білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығының хабарлауынша, жер сілкінісі Қазақстан аумағында, Алматы уақыты бойынша сағат 05:31-де болған.

Жер сілкінісі жердің 15 километр терең қабатында болған. Жерасты дүмпуінің өзге аймақтарға сезілгені туралы мәлімет жоқ.

XS
SM
MD
LG