Accessibility links

Астанаға Египет президенті келді


Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси.
Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси.

Египет президенті Абдель Фаттах әл-Сиси бүгін ресми сапармен Астанаға келді. Ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Бұған дейін хабарланғандай, кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық және терроризм мен экстремизммен күрес талқыланады.

Қазақстан билігі бұған дейін өткен жылы қазанда Синай түбегінде Ресей жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған соң Египетпен арадағы әуе қатынасы қайта ашылатынын хабарлаған. Азаматтық авиация комитеті осы аптада қазақстандық SCAT әуе компаниясы наурыздан бастап Шарм-әл-Шейх қаласы арасында әуе рейсін ашатынын хабарлаған. Комитет мәліметінше, Fly Egypt компаниясы наурыздан бастап Қазақстанға аптасына екі рет әуе рейсін ашпақ.

Египет президенті өзінің Азия елдеріне сапарын бірінші Қазақстаннан бастап отыр. Әл-Сиси Қазақстаннан соң Жапония мен Оңтүстік Кореяға барады.

XS
SM
MD
LG