Мәскеудің Бульвар айналмасында қастандықтан қаза болған ресейлік саясаткер Борис Немцовты еске алуға жұрт жиналып жатыр. Немцовтың қаза тапқанына бүгін жыл толды.
Билікпен келісілген шерудің маршруты Страстный бульварынан Сахаров даңғылына дейін барады. Өтініш иелері 50 мың адам шеруге шығатынын ескерткен. Адамдар Москва өзенінің үлкен көпіріне де жиналып жатыр. Сол жерде саясаткерді атып кеткен еді.
Еске алу шаралары Петербург, Төменгі (Нижний) Новгород, Новосибирск, Дондағы Ростов және Ресейдің басқа да қалаларында өтіп жатыр.
Сенбі күні таңертең Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Теффт Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл шоқтарын қойды. Елші "Бүгін оны еске алу, ол қорғаған мақсат-мүдделерді құрметтеу үшін, оның армандары Ресейде орындалады деп үміттену үшін осында келдік" деді.
ПАРНАС партиясының тең төрағасы, Ярослав облыстық думасы депутаты Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпан күні кешке Кремль маңында атып кеткен еді.