Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі: Ирак пен Сирияда 200 қазақстандық соғысып жүр


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарындағы қазақстандық балалар туралы видеодан скриншот.
"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарындағы қазақстандық балалар туралы видеодан скриншот.

Қазақстан президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев қазір Сирия мен Ирактағы соғыстарға Қазақстанның 200-ден астам азаматы қатысып жатқанын мәлімдеді. Астанада бүгін аймақтық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық конференцияда сөйлеген Ермекбаев олармен бірге әйелдері мен балалары да барын айтады. Ермекбаевтың сөзінше, "бұл сан көп емес және Қазақстандағы ахуал қолайлы".

Нұрлан Ермекбаевтың пікірінше, Сирия мен Иракқа үгіт-насихат жасайтындардың уағызына арбалған адамдар кеткен. "Бұл бақытсыз, адамдар адамдар өзгелерді еліту арқылы ықпалы мен мүмкіндігін кеңейтіп, қаржылық жағдайын жақсартқысы келетіндердің үгіт-насихатының құрбаны болған" деді Ермекбаев.

Бұған дейін Қазақстан билігі Ирак пен Сирияға қазақстандық 400 азамат кеткенін айтқан. АҚШ терроризмге қарсы орталығының мәліметінше, Ирак пен Сирияның біраз территориясын басып алған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарына өтіп кеткен қазақстандықтар саны мың адамға жетеді.

XS
SM
MD
LG