Accessibility links

Назарбаев сайлауда тәртіпті қадағалауды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ішкі істер министрлігіне парламент сайлауы кезінде тәртіпті қадағалауды тапсырды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовпен кездесуінде тапсырған. Кездесуде Қасымов президентке құқық қорғау жүйесін реформалау жұмыстары, ұйымдасқан қылмыспен күрес және елде тәртіп орнатуға қатысты жасалып жатқан шаралар барысы туралы есеп берген. Министр бұған қоса пенитенциарлық инфрақұрылымды модернизациялау, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар органдарын дамыту барысы жайлы баяндаған.

Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттығына ерте сайлау наурыздың 20-сы күні өтеді.

XS
SM
MD
LG