Accessibility links

Өзбекстанда "Хизб ут-Тахрирдың" күдікті мүшелері ұсталды


Өзбекстандағы ауылдық жердегі мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).
Өзбекстандағы ауылдық жердегі мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Өзбекстанның Ферғана облысында "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымына қатысы бар деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, Алтыарық ауданының 25-34 жас аралығындағы 11 тұрғыны 16 ақпанда ұсталған. Аты-жөнін атағысы келмеген дереккөзі күдіктілер рейд кезінде ұсталғанын айтады. Күдіктілерді тұрғындар таң ата мешітке намазға шығатын кезде қара бетперде киген адамдар ұстап әкеткен.

Құқық қорғау органдары әзірге ұсталғандар арасында Тинчлик қаласының екі тұрғыны және жергілікті кәсіпкер барын ғана айтып, тұрғындардың не себепті ұсталғаны туралы ақпарат бермеді. Дереккөзінің мәліметінше, күдіктілерді арнайы жасақ сарбаздары ұстаған.

"Хизб ут-Тахрир" - Орталық Азия елдері мен Ресейде тыйым салынған, бейбіт ұйым саналады. Ұйым мұсылман елдерін "ислам халифаты" деп аталатын бір мемлекетке біріктіруді мақсат етеді.

XS
SM
MD
LG