Accessibility links

Қытайда сотталған 4 қазақстандық қайтарылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қытайда сотталған төрт қазақстандық Қазақстанға қайтарылды.

Қазақcтан бас прокуратурасының хабарлауынша, Қытайда есірткі тасымалдады және кісі өлтірді деген айыптармен түрлі мерзімге сотталған қазақстандықтар Үрімжі қаласынан этаппен жеткізілген.

Сотталғандар Қазақстан мен Қытай арасындағы 2011 жылы жасалған сотталған адамдарды беру туралы келісім бойынша қайтарылған.

Төрт қазақстандық жазасының қалған бөлігін Қазақстанда өтейді

XS
SM
MD
LG