Киев Украина шығысындағы сепаратистерді қақтығысты тоқтату туралы келісімге қарамастан ірі калибрлі қарудан оқ атты деп айыптады. Келісім бойынша ірі калибрлі барлық қару түрі майдан шебінен әкетілуі тиіс болатын. Украин әскерилерінің қолбасшылығы сепаратистердің Донецк маңынан "Град" зымыран қондырғысынан үкімет әскерінің шептерін "атқылағаны" түсірілген кадрларды жариялады.
Украина билігі майдан шебінде барлығы 60-қа тарта бітімді бұзу фактісін тіркегенін мәлімдейді. Ал сепаратистер үкімет әскерін Донецк маңын "атқылады", "бір адам қаза тауып, бірнеше үй өртенді" деп айыптайды.
Парижде 3 наурыз күні Ресей, Украина, Франция және Германия сыртқы істер министрлері кездесіп, өткен жылы ақпанда Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату бейбіт жоспарының орындалу барысын талқылап жатыр.