Accessibility links

ЕО Пхеньянға қарсы санкциясын кеңейтті


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (ортада).
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (ортада).

Еуропа Одағы (ЕО) Солтүстік Кореяға салған санкциясын кеңейтті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, ЕО санкциясы тізіміне тағы 16 жеке адам мен 12 компания енгізілді. Санкция Солтүстік Кореяның соңғы жасаған ядролық сынағына және зымыран ұшыруына байланысты кеңейтілген.

ЕО Пхеньянның ядолық бағдарламасына қарсы шектеу шараларын алғаш 2006 жылдың желтоқсанында енгізген.

2 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейтетін қарар қабылдаған. Жаңа санкцияға сай, Солтүстік Кореяға баратын жіне бұл елден шығатын барлық кемелерде тыйым салынған тауарлар мен техниканың бар-жоғы тексеріледі. Бұған қоса Солтүстік Кореядан көмір, темір рудасы, бағалы металдар импорттауға тыйым салынып, бұл елге авиациялық жанармайдың барлық түрін жеткізуге тыйым салынады.

XS
SM
MD
LG