Accessibility links

ҚХА кандидаттары сайлауалды үгіті басталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Мәжіліске Қазақстан халқы ассамблеясы (ҚХА) атынан сайланатын кандидаттардың сайлауалды үгіт науқаны басталды.

ҚХА ұсынған кандидаттардың сайлау кампаниясы 6 наурыз күні басталғанын, оларды тіркеу мерзімі аяқталғанын Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады.

ОСК мәлімдемесінде "Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу 29 ақпаннан бастап 5 наурыз аралығындағы кезеңде өтті. ОСК Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған 9 кандидатты тіркеді" деп жазылған.

ОСК ҚХА әрбір кандидатқа "теледидарға сайлауалды бағдарламамен шығуына 139 мың теңге бөлінгенін, радиоға шығуға – 82 мың, баспа басылымдарында екі мақала жариялауға – 178 мың, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға – 33 мың, үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға – 66 мың, көліктік шығындарға – 132 мың теңге бөлінгенін хабарлады.

ОСК "6 наурыздан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясынан тіркелген кандидаттар үшін сайлау науқанының келесі кезеңі – сайлау алдындағы үгіт басталып, 19 наурыз күнгі 24.00 сағатта аяқталады" дейді.

ОСК ҚХА кандидаттарының сайлауы осы ассамблея жиынында 21 наурыз күні өтетінін хабарлады.

Мәжілістің ерте сайлауына Қазақстандағы 6 саяси партия қатысып жатыр. Сайлаушылар оларға 20 наурыз күні дауыс береді. Қазақстан парламенті мәжілісі сайлауы мерзімінен бұрын өтіп жатыр. «Нұр Отан» партиясы мәжіліс сайлауына ең көп үміткер ұсынды - 127 кандидат. «Ақ жол» - 35, ЖСДП - 23, ҚХКП - 22 кандидат, «Ауыл» - 19, «Бірлік» – 8 кандидат ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG