Accessibility links

Тәжікстандағы антитеррорлық операциядан екі адам өлді


Тәжік-ауған шекарасындағы тәжік солдаты. (Көрнекі сурет)
Тәжік-ауған шекарасындағы тәжік солдаты. (Көрнекі сурет)

Тәжік-ауған шекарасындағы антитеррорлық операция кезінде екі адам мерт болған.

Тәжік шенеуніктері Тәжікстанның бір шекарашысы мен бір ауған содыры өлді деген ақпарат бар екенін хабарлаған.

Тәжікстан шекара қызметі өкілі Мұхаммад Хожаев 7 наурыз күні "Ауғанстаннан тәжік аумағына тоғыз содыр кіріп кеткен 5 наурыз күні антитеррорлық операция басталды" деп хабарлады.

Ал ауған шенеуніктері тоғыз содырдың "Талибан" террористік ұйымы мүшелері екенін айтады. "Талибан" содырлары қазір Ауғанстанның Тәжікстанмен шектесетін Құндыз провинциясы аумағының 30 пайызын басып алған.

Тәжікстан шекарашылары мен арнайы жасақтары қазір қалған содырларды іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG