Accessibility links

Киевте Савченконы босатуды талап еткен шеру өтті


Надежда Савченконы босатуды талап еткен шеру. Киев, 8 наурыз 2016 жыл.
Надежда Савченконы босатуды талап еткен шеру. Киев, 8 наурыз 2016 жыл.

Украина астанасы Киевте жүздеген адам Ресейде сотталып жатқан украиналық ұшқыш Надежда Савченконы босатуды талап етіп шеруге шықты. Free Savchenko деген жазуы бар плакат көтерген 500-дей адам Украина қорғаныс министрлігі ғимаратынан Ресей елшілігіне дейін барды. Олар Ресей президенті Владимир Путиннен Надежда Савченконы босатуды талап еткен петицияны елшілікке тапсырды.

Ресейшіл сепаратистермен соғысқан еріктілер батальонының мүшесі Надежда Савченко 2014 жылы маусымда Украинаның шығысында ұсталып, Ресейге жіберілген. Оған ресейлік журналистердің қазасына қатысты айып тағылған.

Савченко биылғы 3 наурыздан бері, сот соңғы сөзін айтуға рұқсат бермей қойғаннан бері нәр татпай аштық жариялап жатыр. Ол өзін күштеп тамақтандыруға тыйым салатынын мәлімдеген, бірақ адвокаттардың айтуынша, Ресей заңдары бойынша адамның мұндай жолмен өлуіне жол берілмейді.

Жексенбі күні Савченконың адвокаты Марк Фейгин Украинаның "Новое время" газетіне наурыздың соңы мен сәуірдің басында Савченконы Украинаға беруі, оны Ресейдің Украинада қамалған екі азаматы, тыңшылар Александр Александров пен Евгений Ерофеевке айырбастауы мүмкін екенін хабарлаған.

Надежда Савченко Ресей тағып отырған айыптарды мойындамайды. Ол өзін отанына дереу қайтаруды талап етеді. Бұған дейін ол бірнеше рет аштық жариялаған еді.

XS
SM
MD
LG