Accessibility links

Миссисипидегі дауыс беруде Трамп пен Клинтон алға шықты


АҚШ президенттігіне түсуден үміткерлер: (солдан оңға қарай) Берни Сандерз, Хиллари Клинтон, Тед Круз, Дональд Трмап.
АҚШ президенттігіне түсуден үміткерлер: (солдан оңға қарай) Берни Сандерз, Хиллари Клинтон, Тед Круз, Дональд Трмап.

АҚШ-тың төрт штатында президент сайлауына түсуден үміткерлерге партия ішіндегі дауыс беру аяқталды. Америкалық ақпарат құралдары 8 наурызда өткен дауыс беруде Республикашыл партиядан үміткер Дональд Трамп алға шықты деп болжайды.

Миллиардер Дональд Трамп партия ішілік дауыс беру өткен төрт штаттың кем дегенде екеуінде алға шықты. Мичиган штатындағы дауыс беруде Трамп 37 пайыз дауыс алып, бәсекелестері сенатор Тед Круз бен Огайо штатының губернаторы Джон Кейсиктен 10 пайыздан көп айырмамен алға шықты. Миссисипи штатындағы дауыс беруде Трамп 48 пайыз дауыс алған. Бұл жеңістер Трампты Республикашыл партия атынан президенттікке бірден-бір үміткер етуге жақындата түседі. Айдахо штатындағы дауыс беруде Тед Круз сәл ғана басымдықпен алдыға шыққан. Гавай штатындағы дауыс беру нәтижелері бүгін белгілі болады.

Мичиган штатындағы партия ішілік дауыс беруде Демократиялық партиядан үміткер Берни Сандерс 52 пайыз дауыс жинап, күптеген жерден жеңіске жетті. Үміткер Хиллари Клинтон Сандерстан 2 пайыз аз дауыс жинады. Ал Миссисипи штатында Клинтон демократ сайлаушылардың 80 пайыз даусын жинап айқын жеңіске жетті.

8 наурыздағы дауыс беру қорытындылары екі партия атынан президенттікке түсу жолындағы бағытын өзгерте алмайды. Себебі әрбір кандидаттың жеңісі өздеріне дауы берген сайлаушылардың жалпы саны бойынша анықталады.

XS
SM
MD
LG