Accessibility links

Ресейде жолда қарсылық танытуға шектеу салынбақ


Мәскеудегі алысқа жүретін жүк көліктері жүргізушілерінің қарсылық акциясы. Желтоқсан 2015 жыл.
Мәскеудегі алысқа жүретін жүк көліктері жүргізушілерінің қарсылық акциясы. Желтоқсан 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин шатыр тігу арқылы қарсылық білдіруге оны ұйымдастырмастан кем дегенде он күн бұрын рұқсат алуды міндеттейтін заңға қол қойды. Рұқсат алмаған жағдайда мұндай қарсылық түрі заңсыз деп саналады. Қарсылық акциялары мен демонстрациялар туралы заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілгені 9 наурызда жарияланды.

Ресейде көлік жүргізушілері мен жүргіншілердің жаппай қарсылық акцияларын өткізуге салынған тыйымды айналып өтуі үшін жол бойында өткізетін митингілері көбейген. Желтоқсан айында алысқа жүретін жүк көліктерінің жүргізушілері күре жолдармен жүргені үшін салық салу жүйесіне қарсылық танытып, Мәскеуге қарай жолға шығып, негізгі жолдардың бірін жапқан. Путин қол қойған өзгерістер мен толықтырулар бойынша, мұндай акциялар саяси демонстрацияға теңестірілген.

XS
SM
MD
LG