Accessibility links

Сот "Көкжайлауға" қатысты шағымды қайтарды


Көкжайлау шатқалына баратын жол. Алматы, 25 қазан 2015 жыл.
Көкжайлау шатқалына баратын жол. Алматы, 25 қазан 2015 жыл.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Зеленое спасение" үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) Алматы билігінің үстінен "Көкжайлау" тау шаңғысы кешені жобасына қатысты берген шағымын кері қайтарды. "Көкжайлау" тау шаңғысы кешені Алматы іргесіндегі Көкжайлау шатқалында салынады деп жоспарланған.

ҮЕҰ соттан "Көкжайлау" тау шаңғысы кешеніне жол салу" жобасының "Қоршаған ортаға әсерін бағалау" мемлекеттік экологиялық сараптама ұйғарымын заңсыз деп тануды сұрайды. Сотқа жауап беруші тарап ретінде Алматы автомобиль жолдары басқармасы тартылған.

"Зеленое спасение" жол құрылысын жүргізуді мақұлдаған экологиялық сараптама қорытындысы заң мен Орхус конвенциясының талаптарын бұзады деп санайды. Ұйым пікірінше, мұның себебі құрылыс жүргізілсе 2 мыңға тарта ағаш, оның ішінде ағаштың Қызыл кітапқа енгізілген түрлері де оталады. Экологтар құрылыс кезінде сирек кездесетін Сиверс алма ағашының 465 түбі оталады деген уәж айтады.

Жауап беруші тарап өкілі сот шешімінен соң қалалық автомобиль жолдары басқармасының ұстанымы сот шешімінде көрінгенін айтты. "Зеленое Спасение" өкілі Сергей Куратов сот шешімімен келіспейтінін білдірді.

Алматы билігі өткен жылдың соңында дағдарысқа байланысты "Көкжайлау" тау шаңғысы шипажайын салу жобасы уақытша тоқтайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG