Accessibility links

Фукусима: бес жылдан соң

Бұдан бес жыл бұрын, 2011 жылы наурыздың 11-і күні Жапонияда қатты жер сілкінісі теңізден келген жойқын цунами мен Фукусима-1 атом электр станциясындағы апатқа ұласты. Жапония тарихындағы ең ірі радиациялық апат қауіптілігі бойынша ең жоғарғы – жетінші деңгейдегі деп танылды. Жапония бес жыл бұрынғы қайғылы оқиғада қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендерді еске алды.
Түгел оқыңыз

Ресми мәліметтер бойынша, 2011 жылғы наурыздағы зілзала салдарынан Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында 16 мыңға жуық адам қаза болып, 2,5 мыңнан аса адам хабарсыз кеткен.
1

Табиғи апаттан соң Жапонияның жағалауда орналасқан көптеген қалаларында осындай көрініс көзге шалынды.
2

Қатты жер сілкінісі мен оның әсерінен пайда болған жойқын цунамидің биіктігі он метрге жететін сұрапыл толқындары Фукусима-1 атом электр станциясында сыртта орналасқан энергиямен жабдықтау құралдары мен резервтік генераторларды бүлдірді. Соның салдарынан апат жағдайында АЭС қондырғыларын салқындататын жүйе істен шығып, кейін үш реактордағы қызу шектен асып кетті.
3

Апат АЭС блоктарын бүлдірген соң іле-шала билік атом станциясынан 20 километр радиусте тұратын адамдарды эвакуациялауға кірісті. Әртүрлі есептеулер бойынша, жалпы саны 180 мыңнан 320 мыңға дейін жететін тұрғындарды басқа жерге көшірген.
4

Тағы

XS
SM
MD
LG