Accessibility links

Адвокат: Байдалинованы тергеп жатқан жоқ


Гузяль Байдалинованың ісі бойынша баспасөз конференциясына қатысушылар: солдан оңға қарай Тамара Калеева, Иневва Кисилева, Оксана Макушина. Алматы, 16 наурыз 2016 жыл.
Гузяль Байдалинованың ісі бойынша баспасөз конференциясына қатысушылар: солдан оңға қарай Тамара Калеева, Иневва Кисилева, Оксана Макушина. Алматы, 16 наурыз 2016 жыл.

Оппозициялық Nakanune.kz порталының иесі әрі редакторы Гузяль Байдалиноваға ресми айып тағылмады деп мәлімдеді бүгін оның адвокаты Инесса Киселева. Байдалинова өткен жылдың желтоқсанынан бері қамауда отыр. "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Қалеева, Инесса Киселева мен Байдалинованың әріптестері Алматыда баспасөз жиынын өткізді.

Киселеваның хабарлауынша, Байдалинованы қамау мерзімі 23 наурызда аяқталады. Оған айып тағылмаған және іс материалдары сотқа берілмеген. Адвокат қаңтардың басынан бастап Байдалиновамен бірге ешқандай тергеу әрекеттері жасалмаған.

- Менің білуімше, қамау мерзімі төртінші айға созылады. Бізде мерекеге дейін бірнеше жұмыс күні ғана қалды. Шамасы, кешкі сағат алтыда маған қамау мерзімін ұзарту туралы сот өтетіні жайлы хабарлайды,- деді Кисилева. Ол Байдалинова тергеуші "Казкоммерцбанк" туралы "ақпарат беруші" дейтін тағы бір адам қамауда отырғанын айтты.

- Байдалинова өзіне қандай айып тағып отырғанын мүлдем түсінбейді және өзі тек журналистік кәсібімді атқардым, жалған ақпарат таратпадым деп санайды, - деді Кисилева.

Nakanune.kz тілшісі Оксана Макушина тергеуде өзінен және басқа әріптестерінен Nakanune.kz-ке қатысты емес "Казкоммерцбанк" туралы мақалалар жайында сұрағанын айтты.

Жиынды ұйымдастырушылар таратқан баспасөз баянында тергеушілер "Республика" порталы мен оның бас редакторы, шетелде тұратын Ирина Петрушоваға қарсы айғақтар жинап жатқан болуы мүмкін екені айтылады.

Байдалинова 23 желтоқсанда Nakanune.kz-те "Казкоммерцбанкті" "қаралайтын жалған материалдар" жарияланғанына қатысты іс бойынша ұсталып, қамауға алынған.

Сот Байдалинованы кепілге босатудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG