Accessibility links

Ұлттық банк валютадағы депозитті шектемейді


Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Қазақстан Ұлттық банкінде шетел валютасындағы депозиттерді алуға немесе аударуға қандай да болсын шектеулер қойылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді

"Қазақстанның қазіргі заңдарына сай, азаматтардың құқығы толық қорғалған" деді Ақышев.

Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап жеке азаматтардың екінші деңгейлі банктерде теңгемен ашқан депозитінің сыйақы мөлшерлемесін 10 пайыздан 14 пайызға көтеріп, шетел валютасымен ашқан депозитінің сыйақы мөлшерлемесін 3 пайыздан 2 пайызға түсірген. Ал теңгеде салынған депозиттердің кепілдік сомасы 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге өсті.

Ұлттық банк дерегінше, Қазақстанда депозиттердің 80 пайызы шетел валютасында сақталған.

2015 жылы тамызда Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген. Содан бері теңгенің долларға қатысты бағамы 90 пайызға төмендеген.

XS
SM
MD
LG