Accessibility links

Пәкістан үкіметінің мәлімдеуінше, бүгін Пешавар қаласында болған жарылыстан кем дегенде 15 адам мерт болып, жиырмаға жуығы жараланған.

Жарылыс қаланың адам көп жүретін, түрлі мемлекеттік органдардың ғимараты орналасқан ауданда болған. Жергілікті полицияның хабарлауынша, төрт килограмдық бомба мемлекеттік қызметкерлер мінген автобуста жарылған.

Автобус Пешавардан Мардан қаласына бара жатқан. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG