Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ресейлік әскери ұшақтардың бір тобы Сирияның Хмеймим әуе базасынан Ресейге қарай ұшып шыққан.
Бұл топтың ішінде бірнеше Ил-76 және Су-25 әскери ұшақтары бар. Ұшақтар Ресей шекарасына өткенге дейін арнайы қатаң бақылауда болады.
14 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы әскери операцияны тоқтатып, әскер мен техниканың біразын шығаруға бұйрық берген.