Accessibility links

Стамбулда жарылыстан екі адам қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркияның Стамбул қаласында бүгін тағы жарылыс болды деп хабарлады CNN Türk телеарнасы. Ол таратқан ақпаратта Истикляль көшесіндегі жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, жеті адамның жараланғаны айтылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың бірі жанкешті болуы ықтимал. Жарылыс болған жер қазір қоршалып,тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ресми орындар әзірше бүгінгі жарылысқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Жарылыс болған көшеде дүкендер орналасқан, ол жерге туристер көп баратын.

XS
SM
MD
LG