Accessibility links

Батумиде газ жарылысынан бірнеше отбасы үйсіз қалды


Батуми көшесінде. (Көрнекі сурет.)
Батуми көшесінде. (Көрнекі сурет.)

Грузияның Батуми қаласында болған жарылыс салдарынан бірнеше жалғыз қабатты жеке меншік үйлерге нұқсан келген. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс табиғи газ желісіндегі ақау себеп болған деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Жарылыстан кейін нұқсан келген үйлер мен оларға көрші үйлердің тұрғындарын эвакуациялаған. Оқиға болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Құқық органдары өкілдері төтенше оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жарылыстан құрбан болғандар жоқ.

Батуми мэриясы өкілдері «өкілетті органдар жарылыс себебін анықтайды» деп уәде етті. Грузия қоғамдық телеарнасы шенеуніктердің «Батуми мэриясы зардап шеккендерге жәрдем көрсетеді, үйсіз қалған отбасыларға уақытша баспана беріледі» деген сөзін келтірген.

XS
SM
MD
LG