Қазақстанның батысындағы басқа сағаттық белдеуде орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде мәжіліс және мәслихат сайлауына дауыс беру басталды. Бұл облыстардағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 21:00) жабылуы тиіс. Бұдан соң берілген дауыстарды санау басталады.
Қазақстанда бүгін парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихатқа мерзімінен бұрын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру бюллетенінде алты партия - "Нұр Отан", "Ақ жол", "Ауыл", "Бірлік" партиялары, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия көрсетілген.
Жиыны 9 мың 800-ден астам сайлау учаскесі сағат 20:00-ге дейін ашық тұрады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдері жанында 65 сайлау учаскесі ашылған.