Accessibility links

ОСК сайлау "әділ" өтіп жатқанын мәлімдеді


Петропавл қаласындағы 654-сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан адам. 20 наурыз 2016 жыл.
Петропавл қаласындағы 654-сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан адам. 20 наурыз 2016 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов Қазақстанда сайлау "әділ" өтіп жатыр және "заң бұзылып жатқан жоқ" деп мәлімдеді. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Мелдешов бұл туралы бүгін таңертең Астанада брифингте айтты.

"Қазір Қазақстандағы барлық сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Келіп түскен мәліметтер бойынша, дауыс беру ашық, әділ, қалыпты түрде, сайлау туралы заңға сай өтіп жатыр" деді Мелдешов.

Мелдешов бұған қоса бақылаушыларға "дауыс беруді кедергісіз бақылауға барлық жағдай жасалғанын" айтты. Бүгін кешкі сағат 22-ден соң ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов брифинг өткізіп, дауыс беру белсенділігі жөніндегі алдын ала мәліметтерді жарияламақ.

ОСК мәліметінше, ерте парламент мәжіліс сайлауы мен кезекті мәслихат сайлауын 817 шетелдік бақылаушы бақылау жасайды.

XS
SM
MD
LG