Accessibility links

Алматыда сайлау учаскесін "миналады" деген күдікті ұсталды


Алматы полициясы (Көрнекі сурет).
Алматы полициясы (Көрнекі сурет).

Алматыда белгісіз адам Алтай ықшамауданында орналасқан 78-мектепте орналасқан 428, 429-сайлау учаскелеріне жарылғыш зат орналасқанын хабарлады деп хабарлады полицияға сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

"Сағат 7:47-де 102 тетігіне белгісіз адам қоңырау шалып, 78-мектепке мина қойылғанын хабарлады. Мектепке полиция, қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі барып, тексеріп шықты, жарылғыш зат табылған жоқ. Эвакуация жасалмады" деген қалалық ішкі істер депаратаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. Ол қоңырау шалды деген Алматы қаласының күдікті тұрғыны ұсталғанын, күдікті "масаң күйде" болғанын айтқан.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісіне ерте және мәслихатқа кезекті сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру бюллетенінде алты партия - "Нұр Отан", "Ақ жол", "Ауыл", "Бірлік" партиялары, "Қазақстан халықтық коммунистік партиясы" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия көрсетілген.

XS
SM
MD
LG