Accessibility links

Бақылаушы: Атырауда бюллетенді топтап салды


Ақтаудағы №19 сайлау учаскесі. 20 наурыз 2016 жыл.
Ақтаудағы №19 сайлау учаскесі. 20 наурыз 2016 жыл.

тырауда сайлауға бақылау жасап жүрген белсенді Талғат Аян сайлау учаскесінде жәшікке бюллетенді топтап салу оқиғасының куәгері болды. Бұл туралы Азаттыққа Талғат Аян телефон арқылы хабарлады.

Өзін "Дәнекер" қоғамдық бірлестігінің бақылаушысымын деп таныстырған Талғат Аянның айтуынша, ол бүгін түске дейін Атыраудағы медициналық колледжде орналасқан 16-сайлау учаскесінде сайлаушының бірнеше бюллетенді бірден топтап жәшікке салып жатқанының куәсі болып, видеоға түсіріп алған.

- Оқиға сағат 11:40 шамасында болды. Бюллетенді топтап салу фактісіне байланысты қоғамдық бақылаушы ретінде сол жерде сайлау заңының бұзылғаны туралы хаттама толтырдым. Оған учаскедегі менімен қосқанда бес бақылаушы қол қойды. Хаттаманың бір данасын сайлау комиссиясының төрағасы Мұса Өтепқалиевке қалдырып, бірін өзіме алып қалдым. Бақылаушылардың бірі "Ақ жол" партиясынан, бірі "Ауыл" партиясынан, біреуі басқа қоғамдық ұйымнан, - деді Талғат Аян.

Бақылаушының видеосында егде тартқан әйел адамның дауыс беру жәшігіне бірнеше бюллетень салып жатқаны байқалады. Дауыс беруші бақылаушының "Бюллетенді не үшін топтап салдыңыз?" деген сұрағына "үйде жас баламен отырған келінінің орнына салғанын" айтады.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісіне ерте және мәслихатқа кезекті сайлау өтіп жатыр. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов сайлау "әділ" өтіп жатқанын мәлімдеген.

Атыраудағы жәшікке бюллетенді топтап салу оқиғасы туралы видео. Автор - Талғат Аян

Атырау: бюллетенді топтап салу
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:46 0:00

XS
SM
MD
LG