Accessibility links

ОСК: Сайлаушының 60 пайызы дауыс берді


Сайлауға қатысуға шақыратын плакаттың жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.
Сайлауға қатысуға шақыратын плакаттың жанынан өтіп бара жатқан адамдар. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Қазақстанда өтіп жатқан парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауына сайлаушылардың 60 пайыздан астамы келді деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хатшысы Бақыт Мелдешов.

"Облыстар мен Алматы және Астана қалаларының сайлау комиссиялары берген мәліметтер бойынша, сағат 14:00-дегі уақыт бойынша тізімдегі сайлаушылардың 60,22 пайызы бюллетенін алған" деді Мелдешов.

ОСК хатшысының айтуынша, аймақтар бойынша Алматы облысында белсенді дауыс беріліп жатыр. Мұнда сайлаушылардың 77,16 пайызы дауыс берген. Ең төменгі көрсеткіш - Алматы қаласында (21,45 пайыз).

Бұған дейін ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов Қазақстандағы сайлау "әділетті" және "заң бұзылмай" өтіп жатқанын хабарлаған.

Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Батыстағы басқа сағаттық белдеуде орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш (Астана уақыты бойынша сағат 21:00) аяқталады. Бұдан соң дауыстарды санау басталады.

Сайлаушылар белсенділігі туралы алдын ала мәлімет сағат 22-ден кейін жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG