Accessibility links

Экзит-пол: 3 партия парламентке өтті


Сайлауға келушілер. Қызылорда облысы, 20 наурыз 2016 жыл.
Сайлауға келушілер. Қызылорда облысы, 20 наурыз 2016 жыл.

Экзит-пол нәтижесі бойынша үш партия 7 пайыздан артық дауыс жинап, парламент мәжілісіне өтті деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

14 облыста және Астана мен Алматы қалаларында жүргізілген сұрау салу нәтижесін "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская жариялады. Оның дерегінше, 750 сайлау уческесінде 75 мың сайлаушы сұралып, "Нұр Отан" - 82 пайыз, "Ақ жол" - 7,22 пайыз, ЖСДП - 1,21 пайыз, ҚХКП - 7,17 пайыз, "Ауыл" - 2,5 пайыз, "Бірлік" 0,35 пайыз дауыс жинағаны анықталған.

Орталық сайлау комиссиясы 20 наурызда өткен кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына елдегі тізімге енгізілген 9 миллион 810 мың 920 сайлаушының 77,1 пайызы - 7 миллион 564 мың 281 адам қатысқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG