Accessibility links

Ресейде кедейлер саны ұлғая түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде 2015 жылы кедей адамдар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 миллионға көбейіп, 19 миллионға жеткен. Бұл 2006 жылдан бергі уақыттағы ең көп көрсеткіш деп хабарлайды Росстат мекемесі.

Осылайша, Ресейде 2014 жылы 11,2 пайыз деңгейінде болған кедейшілік деңгейінің көрсеткіші былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 13,4 пайызды құраған.

Росстат мәліметі бойынша, 2015 жылдың ақпанымен салыстырғанда биыл ақпанда тұрғындардың нақты табысы 7 пайызға жуық кеміген.

2016 жылы ақпанда Ресейде бөлшек сауда айналымының көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға жуық азайған.

XS
SM
MD
LG