Accessibility links

Түркияда ИМ-ге "қосылмақ" Орталық Азия азаматтары ұсталды


Түркия полициясы (Көрнекі сурет).
Түркия полициясы (Көрнекі сурет).

Түркияның оңтүстігінде Ресей мен Орталық Азия елдерінен шыққан, Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына қосылуды жоспарлады деген бес күдікті ұсталды.

Түркиялық ақпарат құралдарының Газиантеп қаласының полициясына сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан азаматтары 23 наурыз күні кешке ұсталған.

Ақпараттарға қарағанда, күіктілер Түркия-Сирия шекарасын кесіп өтіп, ИМ-ге қосылуды жоспарлағанын мойындаған.

Ресей мен Орталық Азия елдерінің билігі соңғы жылдары жүздеген азаматы Сирия мен Иракқа ИМ-ге қосылуға кеткенін айтады.

XS
SM
MD
LG