Сирияның Пальмира қаласы маңындағы ұрыс жүріп жатқан ауданда әскери тапсырманы орындап жүрген Ресейдің арнайы мақсаттағы әскери қызметкері қаза тапты деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі. Сириядағы "Хмеймим" Ресей әуе базасы өкілінің айтуынша, офицер Пальмира маңында бір апта бойы "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымының маңызды нысандарын анықтап, Ресей авиациясына соққы беру үшін координаттар жолдап отырған.
Ресми мәлімет бойынша, Сириядағы әскери операцияда Ресейдің бес әскери қызметкері қаза тапқан.
24 наурызда Сирия үкіметі армиясы ЮНЕСКО қорғауына кіретін, бір жылға жуық уақыттан бері ИМ бақылауында тұрған Пальмира қаласына кіре бастағаны хабарланған.