Accessibility links

Мәскеуде ИМ-ге адам "шақырған" күдікті мерт болды


Мәскеу полициясы (Көрнекі сурет).
Мәскеу полициясы (Көрнекі сурет).

Мәскеуде "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымы қатарына содыр шақырмақ болды деген күдікке ілінген Қырғызстан азаматы қайтыс болды. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдікті полиция ғимаратының бесінші қабатынан терезеден секіріп кеткен. Оқиға 23 наурыз күні, Мәскеудің солтүстік-шығыс округінде болған.

Ол бірнеше ер адаммен бірге ұсталып, аудандық ішкі істер бөліміне апарылған. Полицейлердің айтуынша, күдікті тергеу кезінде терезені ашып секіріп кетіп, құлаған жерінде мерт болған.

Ресей тергеу комитеті мен Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиғаны тексере бастады.

XS
SM
MD
LG