Энергетика министрі Владимир Школьник президент жарлығымен қызметінен босатылды деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі.
Школьник бұл министрлікті 2014 жылдың тамызынан бері басқарған. Бұған дейін ол бірнеше жыл "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарған. Мұның алдында Школьник индустрия және сауда министрі, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, вице-премьер, білім және ғылым министрі болған.
Школьниктің министр қызметінен не үшін босатылғаны және қандай қызметке ауысқаны айтылмаған.