Accessibility links

Барсакелмес қорығы ЮНЕСКО тізіміне енгізілді


Қызылорда облысы Арал ауданы. (Көрнекі сурет)
Қызылорда облысы Арал ауданы. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы Барсакелмес табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесі тізіміне енгізілді.

Мұндай шешім ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера" халықаралық бағдарламасының үйлестурі кеңесінің Лима (Перу) қаласында өткен 28-сессиясында қабылданған.

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Барсакелмес - ЮНЕСКО биосфералық резерваты санатына жатқызылған Қазақстандағы алтыншы қорық. ЮНЕСКО тізіміне бұған дейін Қорғалжың, Алакөл, Қатын-Қарағай, Ақжайық және Ақсу-Жабағылы қорықтары кіргізілген еді.

ЮНЕСКО санаты бойынша Барсакелмес биосфералық резерваты Тұран ойпатының солтүстік және орталық экологиялық жүйесіне жатады. Бұл қорық енді ЮНЕСКО бағдарламасымен қорғалады.

XS
SM
MD
LG