Accessibility links

Ауғанстанда "Талибан" содырлары судьяны өлтірді


Ауғанстанның Газни уәлаятындағы қауіпсіздік күштерінің "Талибан" содырларымен қақтығысы (Көрнекі сурет).
Ауғанстанның Газни уәлаятындағы қауіпсіздік күштерінің "Талибан" содырларымен қақтығысы (Көрнекі сурет).

Ауғанстанда "Талибан" содырлары Газни уәлаятының судьясы Мохаммад Анварды атып өлтірді. Уәлаят губернаторының баспасөз хатшысы Джавед Салангидің хабарлауынша, судьяны 27 наурызда көршілес Вардак уәлаятында өлтіріп кеткен. Кісі өліміне жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы мойнына алды.

Ауғанстанда судьялар "Талибан" шабуылына жиі ұшырайды.

Өткен жылы елде "Талибан" содырларының қауіпсіздік күштері қызметкерлері мен үкіметтік нысандарға шабуылы көбейген. "Талибан" Газни мен Вардак уәлаяттарының біраз территориясын бақылайды.

XS
SM
MD
LG