Accessibility links

Қарағандыда "Таблиғи жамағат" мүшелері" сотталды


"Таблиғи жамағат" ұйымына қосылды деген айыпталушылар сотта тұр. Қарағанды, 28 наурыз 2016 жыл.
"Таблиғи жамағат" ұйымына қосылды деген айыпталушылар сотта тұр. Қарағанды, 28 наурыз 2016 жыл.

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Қарағанды облысының үш тұрғынын "тыйым салынған діни ұйым қызметіне қатысты" деген айыппен соттады.

Сот "Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи жамағат" діни ұйымының бөліміне жетекшілік етті" деген айыппен Айдын Шакентаевты екі жарым жылға, Мұрат Шөпенов пен Бауыржан Серіковті екі жылға соттады. Үкім бойынша, сотталушылар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді, жаза олар ұсталған 2015 жылдың қазанынан бастап есептеледі.

Өткен айда Астанада "Таблиғи жамағат" ұйымының қызметіне қатысты деп айыпталған бес адам сотталып, екі жылдан екі жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Қазақстанда "Таблиғи жамағат" ұйымының қызметіне тыйым салынған. 2013 жылы ақпанда Астана соты ұйымды экстремистік деп таныған. Қазақстан билігі "Таблиғи жамағат" ұйымы халифат құруды көздейді" деп санайды.

XS
SM
MD
LG