Accessibility links

БАҚ: Савченконы Бут пен Ярошенкоға айырбастауы мүмкін


Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, 22 наурыз 2016 жыл.
Надежда Савченко сотта отыр. Донецк, 22 наурыз 2016 жыл.

Ресей билігі сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы бір топ ресейлікке, оның ішінде АҚШ-та жазасын өтеп жатқан Виктор Бут пен Константин Ярошенкоға айырбастау туралы келіссөз жүргізіп жатыр ддеп хабарлады дереккөзіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Дереккөзі агенттікке Ресей жағы Савченконы айырбастауға дайын өз азаматтарының тізімін ұсынғанын, олардың арасында қызметі жарияланбайтын ресейліктер де барын айтқан.

Савчеконың адвокаты Марк Фейгин агенттікке мұндай келіссөзден бейхабар екенін, бірақ Савченконы айырбастауды қолдайтынын мәлімдеген. Оның сөзінше, Савченконы заңды жолмен босату "мүмкін емес" болғандықтан оны кімге айырбастаса да бәрібір.

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кеше Савченконы айырбастауға қатысты әзірге ешқандай шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

Украина президенті Петр Порошенко бұған дейін Савченконы Донбаста арнайы операция кезінде ұсталған ресейліктер Александр Александров пен Евгений Ерофеевке айырбастауға дайын екенін білдірген.

22 наурызда Ресейдің Ростов облысының Донецк қалалық соты Савченконы Украина шығысында ресейлік екі журналистің қазасына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. Савченко өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG