Accessibility links

Министрлік: Бес күндік оқу биылдан енгізіле бастайды


Қазақстандық мектеп оқушылары (Көрнекі сурет).
Қазақстандық мектеп оқушылары (Көрнекі сурет).

Қазақстанда биыл 1 қыркүйектен бастап орта мектептерде сабақ аптасына бес күн бола бастайды деп хабарлады бүгін білім және ғылым министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, биылдан бастап 1-сынып оқушылары аптасына бес күн, 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін оқиды. Бұдан кейін 2017 жылы 2, 5, 7 және 9-сынып оқушылары да бес күндік оқу жүйесіне ауысады. 2018 жылы барлық сыныптарды бес күндік оқу жүйесіне көшіру жоспарланып отыр.

"Бес күндік оқу жүйесіне көшу оқу бағдарламасының жаңартылуымен байланысты. Бұған дейін айтылған жаңа оқу бағдарламалары Назарбаев интеллектуалдық мектебінің бағдарламасына негізделген. Білім бағдарламалары әлемдік үздік тәжірибеге сай функционалдық сауаттылықты дамыту негізінде дайындалады" делінген министрлік ақпаратында.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін парламент сессиясының ашылуында білім және ғылым министрлігіне мектептегі оқушыларға түсетін жүктемені азайту мүмкіндіктерін, оның ішінде алты күндік оқу жүйесін жойып, оқу пәндерін оңтайландыруды қарастыруды тапсырған.

XS
SM
MD
LG