Санкт-Петербургте ресейлік журналист Дмитрий Циликин өлі күйінде табылды деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы.
Жергілікті "Фонтанка.ру" сайтының ақпаратына қарағанда, Циликиннің пышақталған денесі өзінің пәтерінен, туыстары оның өткен аптадан бері байланысқа шықпағанын айтып, шағым түсірген соң табылған. 54 жастағы журналистпен ол Ригадан іссапардан келгеннен бері байланыс болмаған.
Полиция ақпаратына қарағанда, Циликин қансырағаннан екі күннен соң жан тапсырған. Журналистің өліміне қатысты іс қозғалған.
Дмитрий Циликин - белгілі музыка және балет сыншысы. Ол демократиялық баспасөзде қызмет еткен соң таныла бастаған. Ол 1992 жылдан 2004 жылға дейін жергілікті "Час пик" газетінде тілші, мәдениет бөлімінің редакторы болған. 2001-2003 жылдары ол ресейлік телеарнадағы "Арт-экспресс" және "Спешите видеть" бағдарламаларының жүргізушісі болған. "Вопрос ниже пояса" және "Письма полумертвого человека" кітаптарының авторы.
Дмитрий Циликин Азаттықтың Орыс редакциясының бағдарламаларына бірнеше рет қатысқан.