АҚШ әскери ұшақтары Сомалидегі «әл-Шабаб» экстремистік тобы шептеріне соққы берді. Пентагонның хабарлауынша, 31 наурызда жүргізілген әскери операция мақсаты – содырлар тобы басшыларының бірі Хассан Әли Дхорды нысанаға алу болған, бірақ әзірше оның тағдыры белгісіз қалып отыр.
«Әл-Қайда» террорлық ұйымымен байланысы бар, Сомали жерінде «халифат» орнатуды көксейтін «әл-Шабаб» экстремистік тобы ел аумағында үкімет пен бейбіт тұрғындарға қарсы террорлық шабуылдарды жиі ұйымдастырады, БҰҰ-ның гуманитарлық қызметіне бөгет жасайды.
АҚШ билігі бұған дейін наурыздың басында америкалық әскери дронның көмегімен «әл-Шабаб» тобының кемінде 150 мүшесінің көзі жойылды деп мәлімдеген.