Accessibility links

ICCT: Сирия соғысына көп шетелдік ЕО-дан барған


Брюссель метросындағы терактіден бүлінген поез вагоны. 22 наурыз 2016 жыл.
Брюссель метросындағы терактіден бүлінген поез вагоны. 22 наурыз 2016 жыл.

Сириядағы соғысқа шетелден барғандардың көпшілігі Еуропа Одағы елдерінен шыққандар. Бұл туралы жұма күні Гаагада орналасқан терроризммен күрес жөніндегі халықаралық орталық (International Centre for Counter-Terrorism – ICCT) жариялаған зерттеу қорытындысында айтылған.

Зерттеуде Сирияға «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылу үшін Еуроодақ елдері арасынан ең көп адам Франциядан барғаны айтылған. Екінші және үшінші орындарда – Германия мен Ұлыбритания тұр.

Еуропа мемлекеттерінен Сирияға соғысқа барған 4300-ге жуық адамның 14 пайызы қаза тапса, 30 пайызы елдеріне қайтып оралған. 23 пайызы ислам дінін қабылдаған. Еуропадан барғандардың 17 пайызын әйелдер құраған.

Сирия немесе Иракта діни экстремистер қатарында соғысқа қатысып, кейін елдеріне қайта оралғандар Еуропа Одағы елдерінде үлкен қауіпке айналады. Ондайлар биыл наурызда Брюссельде және былтыр күзде Парижде жасалған террорлық шабуылдарға қатысқан делінген зерттеуде.

XS
SM
MD
LG