Accessibility links

"Ермегияев ісі": Соттағы тілшілер судьяға өтініш жазды


Астанадағы сотта үзіліс кезінде Талғат Ермегияев қорғаушыларымен сөйлесіп тұр. Астана, 4 сәуір 2016 жыл.
Астанадағы сотта үзіліс кезінде Талғат Ермегияев қорғаушыларымен сөйлесіп тұр. Астана, 4 сәуір 2016 жыл.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев пен компанияның бұрынғы бірнеше басшысылары үстінен өтіп жатқан сот отырысынан хабар таратып жатқан қазақстандық баспасөз өкілдері сот төрағасы Әділхан Шайхисламовтың атына шағым түсірді. Олардың сөзінше, журналистерге арнайы бөлінген шағын залда сот отырысынан тарап жатқан дауыстың сапасы өте нашар. Бұдан өзге, тілшілердің бәріне бірдей отырып жұмыс істейтін орын жетіспейді. Журналистер сот барысынан толымды ақпарат таратуға жағдай жасауға өтініш жазып, оны Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сот кеңесіне тапсырды.

Сотта сөйлеушілердің дауысы залда жақсы естілмейтінінісін негізгі залда тыңдап отырған келушілер мен қорғаушылар да айтады.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілі Мая Егимбаева сот ісі кезінде тілшілердің фотоаппарат және видео камера пайдалануына шектеу қоюға судьяға өтініш жасаған болатын. Ол бұл өтінішін «тілшілердің сот ісін жүргізуге кедергі келтіретінімен» түсіндірді.

Басты айыпталушы Талғат Ермегияев бұл өтінішті қолдады. Ал, қалған айыптаушылар мен олардың қорғаушылары және прокурорлар өтінішті қабылдау, я қабылдамауды соттың еркіне қалдырды. Судья Әділхан Шайхисламов бұл өтінішке қатысты шешім шығаруды кейінге қалдырды.

Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы қаржы жымқыру ісі аясында ұсталған. 2015 жылы маусымда компания басшысы қызметінен босатылған соң бірнеше күннен кейін қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, сот шешімімен үйқамаққа алынған Талғат Ермегияевке тергеушілер «4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді» деген айып таққан.

Қылмыстық іс бойынша «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын талан-таражға салған» деген айып тағылғандар арасында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Бархинхоев, бұрынғы құрылыс департаменті жетекшісі Қажымұрат Үсенов бар.

XS
SM
MD
LG