Accessibility links

Пәкістанда су тасқынынан 53 адам құрбан болды


Пәкістандағы су тасқыны болған аймақ. 27 шілде 2015 жыл.
Пәкістандағы су тасқыны болған аймақ. 27 шілде 2015 жыл.

Пәкістан билігінің хабарлауынша, нөсер жауыннан туындаған су тасқынынан ондаған адам мерт болды. 3 сәуірде елдің солтүстік-батысында басталған жауыннан Хайбер-Пахтунхва провинциясының бірнеше ауданы мен Кашмирдің Пәкістан жағындағы Нилам алқабын су басқан. Тасқыннан кем дегенде 53 адам қаза тауып, 60-қа тарта адам медициналық көмекке жүгінген. Хайбер-ПахтунхваныңШангла ауданында 14 адам, Кохистан ауданында сел жүріп 12 адам мерт болған. Биліктің мәліметінше, бұл провинцияда 40 шақты үй қираған.

Пәкістанда жазғы муссон кезеңінде алыс аймақтарда орналасқан елді мекендерді жиі су басады. Өткен жылы нөсер жауын мен су тасқынынан кем дегенде 81 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG