Accessibility links

Әзербайжан: Қарабақта тағы 3 сарбаз оққа ұшты


Таулы Қарабақтағы армян сепаратистері әзербайжан шептерін пулеметтен атқылап жатыр. 3 сәуір 2016 жыл.
Таулы Қарабақтағы армян сепаратистері әзербайжан шептерін пулеметтен атқылап жатыр. 3 сәуір 2016 жыл.

Әзербайжан Таулы Қарабақтағы әзербайжан мен армян әскері арасындағы қақтығыстардан тағы үш сарбазы қаза тапқанын хабарлады.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің 4 сәуірде хабарлауынша, Қарабақтағы епаратистік күштер Әзербайжан шептері мен жанжал аймағына жақын елді мекендерді миномет пен гранатометтен атқылап жатыр.

Қақтығыс басталған сәуірден ері қаза тапқан әзербайжандық әскерилер саны осымен 15-ке жетті. Армения жағы бұған дейін 18 сарбазы қаза тапқанын хабарлаған.

Ал Әзербайжанда орналасқан таулы анклавка орналасқан Қарабақтағы сепаратистік күштер 4 сәуірдеәзербайжандық әскерилер өздерінің шептерін атқылауды күшейткенін хабарлады.

Армения қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Арцрун Оганесян көтерілісшілер "майда шебінің белгілі бір бөлігінде алға жылжып, жаңа позицияларды басып алғанын" мәлімдеді. Әзербайжан бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Батыс елдері, Ресей мен Иран қос тарапты да атысты тоқтатып, ұстамдылық танытуға шақырды.

XS
SM
MD
LG